
«Сауда базарларын жаңғырту жөніндегі «Жол картасының» 1.5 тармағын, яғни «Салық кодексінің 75-1-бабына сәйкес бақылау-касса машиналары тікелей орналасқан жерлерде сатушылардың салық төлеушінің паспортын орналастыру мәселесін.
Базар әкімшіліктерімен саудагерлерге ҚР СИМ Шымкент қаласы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды – инновациялық даму басқармамен Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті мамандарымен Шымкент қаласының сауда базарларының әкімшілігіне сатушылардың паспорттың ашу, сонымен қатар қажеттігі түсіндіріліп, мысал ретінде бірнеше саудагерлерге паспорт ашылды.
Паспортқа келетін болсақ, 2022 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енген «Салық төлеушінің паспорты» салық құпиясы болып табылатын мәліметтерді ашпайды және тұтынушылардың құқығын қорғауға бағытталған. Барлық мәліметтерді QR-кодты оқу арқылы көруге болады.
Паспортта мынадай мәліметтер қамтылады:
- сәйкестендіру нөмірі;
- дара кәсіпкердің, заңды тұлғаның атауы;
- дара кәсіпкердің, заңды тұлға басшысының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
- салық төлеушінің мәртебесі – әрекет ететін, әрекет етпейтін, салықтық есептілікті ұсынуды тоқтатқан;
- тiркеу есебiне қойылған күн, тiркеу есебiнен шығарылған күн;
- бақылау-касса машинасының салық органындағы тіркеу нөмірі, бақылау-касса машинасын пайдалану орны;
- алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге арналған лицензияның болуы немесе болмауы.
Салық төлеушінің төлқұжатын енгізудің мақсаты бизнес субъектілерінің міндеттемелерін орындауын қоғамның өзі бақылауды күшейту, сондай-ақ, тұтынушылардың құқықтарын қорғау үшін пайдалану болып табылады.
Салық төлеушілердің (қоғамдық тамақтандыру және сауда саласы) міндеті - қалыптастырылған паспортты бақылау-касса машиналарының тікелей орналасқан орындарында, халықты ақпараттандыру үшін жалпыға бірдей қолжетімді жерлерде басып шығару және орналастыру болып табылады.