Екіжақты келісіммен меморандумға қол қойылды

Екіжақты келісіммен меморандумға қол қойылды

А.ж. 14 тамызда Ұлытау облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Женисбек Ахметов және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Ұлытау облысы бойынша филилалының директоры Жангазы Рахимовтың арасында ынтымақтастық туралы меморандумға екі жақты келісіммен қол қойылды.

Меморандумның негізгі мәні серіктестік қатынастарды орнату және тараптардың ұзақ мерзімді, тиімді және өзара тиімді ынтымақтастығын дамыту.

Тараптар арасындағы келісімнің басты мақсаты сауда қызметін реттеу және тұтынушылылардың құқықтарын қорғау салаларында сабақтастық орната отыра қызметтік байланыс орнату.

Сонымен қатар мемлекеттік органдар және мемлекеттік қызметтерді көрсететін коммерциялық емес ұйымдардың қызметтерін тұтынушыларға мүлтіксіз көрсету жолында бірлесе жұмыстар атқару.