
Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі С.М. Жұманғариннің тапсырмасын орындау шеңберінде Департамент мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп облыстың қолданыстағы көкөніс қоймаларын түгендеу бойынша жұмыс жүргізді.
2023 жылғы 19 шілдеде жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша Павлодар облысының Ауыл шаруашылығы басқармасымен, Павлодар облысы бойынша Ұлттық статистика бюросының департаментімен, Павлодар облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментімен және Павлодар облысы бойынша Техникалық реттеу және метрология департаментімен бірлесіп талқыланды. Кеңес барысында статистика органдарында көкөніс қоймаларын тіркеу және тиісті ЭҚЖЖ беру мәселелері талқыланды және осы мәселені шешу жолдары белгіленді, сондай-ақ қатысушылар көкөніс қоймаларына қойылатын жалпы талаптармен және стандартпен танысты.