
2023 жылғы 30 маусымда ҚР Сауда және интеграция министрлігінде «Жылыжай шаруашылықтары үшін көмірмен қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Сауда және интеграция Вице-министрі Қайрат Балықбаев, Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ілияс Оспанов, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы, Ауыл шаруашылығы министрлігінің, СИМ Сауда комитетінің өкілдері, жылыжай шаруашылықтарының басшылары, өңірлік операторлар мен жүк тасымалдаушылар қатысты.
Дөңгелек үстел барысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ілияс Оспанов Министрліктің фермерлік жылыжайларға көмір жеткізуді шешу жөніндегі жоспарлары туралы айтты.
«Көмірдің әртүрлі маркалары сынамаға бағытталды, мәселе дерлік шешілді. Біз көмір тапшылығын болдырмау үшін барлық жергілікті атқарушы органдар өңірлік операторлардың қызметіне тиісті бақылауды және көмірді жөнелтуді бақылауды қамтамасыз етуге ұмтыламыз», - деп атап өтті ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі.
Бұдан басқа, көмір биржалық саудасы мәселесі көтерілді, алайда көмір өндірушілер тек коммуналдық-тұрмыстық көмірмен биржалық сауданы әлеуметтік баға бойынша жүзеге асыратынын және көмірді жергілікті атқарушы органдар айқындайтын өңірлік операторларға кейіннен оларды жеке пайдалану үшін халыққа өткізу үшін сататынын ескере отырып, дөңгелек үстелге қатысушылар биржалық сауда саласындағы заңнамаға мерзімінен бұрын түзетулер енгізуге келісті. Ілияс Оспановтың айтуынша, көмірдің басқа өңірлерге ағыныны4 алдын алу мақсатында әр өңір бөлінісінде көмір биржалық саудасын ұсақтау мәселесін пысықтауды бастау қажет.
«Шұбаркөл Көмір» АҚ өкілдері өз кезегінде 150 мың тонна мөлшерінде фермерлік жылыжайлармен тікелей келісімшарт жасасуға дайын екенд3ктер3н және 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап көмірді жөнелтудің басталуына туралы айтты.
«Тікелей келісімшарт жасасу ұсынысына қатысты біз келісімшартқа қол қоюды қолдаймыз-деді «Шұбаркөл Көмір» – АҚ өкілі Аброр Айтходжаев.
Фермерлік жылыжайларға субсидия бөлу мәселесі бойынша Ауыл шаруашылығы департаменті директорының орынбасары Мұрат Иыбаев сөз сөйледі.
«АШМ желісі бойынша тиісті нормативтік құқықтық актіні әзірлеу бойынша жұмыс басталды, мемлекеттік қолдаудың 10 шарасы қазірдің өзінде көрсетілуде, ҚР Сауда және интеграция министрлігі Ұлттық стандартты қабылдады, біз осы түзетулерді қолдаймыз, бірақ осы саланың жұмысындағы барлық нюанстарды нақты түсіну қажет» - деді Мұрат Иыбаев.