
2023 жылдың 16 маусымда Астана қ. сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің қызметкерлері Астаналық базарда тұтынушылармен сатушыларға (дайындаушы, орындаушы) ақпараттық түсіндіру жұмыстарын өткізді.
Түсіндіру барысында базар әкімшілеріне, сатушыларға (дайындаушы, орындаушы) Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңының 33-2-бабына сәйкес көрсетілген «тұтынушылардың бұрыштары», оның құқықтары бұзылған жағдайда адамның қайда жүгінуге болатындығы туралы ақпарат және уәкілетті органның және дауларды реттеудің сотқа дейінгі органдарын болуы, ақпараттық стенд белгілеу қажеттілігі туралы ақпарат айтылды.
Сонымен қатар, Елорда нарықтарында бағаның негізсіз көтерілуінің себептері талқыланды. Кәсіпкерлерде тауар-көлік жүкқұжаттарының болмауы немесе оларды жасыруы, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына 15 пайыздық сауда үстемесінен асып кетуге жағдай жасайды. Мемлекеттік бақылау субъектілерінде жүкқұжаттардың түпнұсқалары және нормативтік актілерде көзделген басқа да ілеспе құжаттар болуы тиіс, олардың болмауы әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.
Базарлар қызметінің жаңа қағидалары бойынша базарлардың басшылары (құрылтайшылары) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тежеуде заңнаманы бұзғаны үшін ортақ жауаптылықта болатыны ескертілді.