Жамбыл облысында базарлардың қызметін ұйымдастыруға қойылатын жаңа талаптар талқыланды

Жамбыл облысында базарлардың қызметін ұйымдастыруға қойылатын жаңа талаптар талқыланды

Ағымдағы жылдың 31 мамырында ҚР МТИ сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Жамбыл облысы бойынша сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын, сауда базарының аумағын күтіп-ұстауға, жабдықтауға және жарақтандыруға қойылатын жаңа талаптарды түсіндіру мақсатында жұмыс кездесуін өткізді.

Жұмыстық кездесуге «Атамекен» ҰКП Жамбыл облысы филиалының  өкілдері,  «Атамекен» ЖФ ҰКП жанындағы Сауда Комитеті, Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-иновациялық дамыту басқармасының өкілі  және де облыс аумағындағы базарлардың басшылары қатысты.

Кездесу барысында сауда базарларының басшылары тарапынан жаңа талаптарда көрсетілген сауда базарларының регламенті, енгізілетін ақпараттық жүйе, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қойылатын шекті бағалар туралы сұрақтар қойылып, талқыланды. Өз кезегінде, Жамбыл облысының СТҚҚД басшысы Жандос Талипов қойылған сұрақтарға  толық жауап берді.  Сауда базарларының басшылары енгізілген жаңа талаптардың заманғы талабына сәйкес келетінін атап өтті, сондай-ақ қажетті іс-шараларды өткізілетінін жеткізді.

Кеңес қортындысы бойынша, «Атамекен» ҰКП Жамбыл облысы филиалының  директоры Еркін Атымтаев сауда базарлары объектісіне барып, енгізілетін талаптарды қосымша түсіндіруді ұсынды.