
2023 жылғы 30 мамырда Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Қостанай облысы бойынша сауда комитетінің, Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының және Қостанай облысының сауда базарлары басшыларының қатысуымен сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидаларына негізгі өзгерістер мәселесі бойынша онлайн кеңесін өткізілді. Осы өзгерістермен сауда нарықтары иелерінің және сауда нарығы әкімшілігінің жауапкершілігі нақты айқындалған.
Онлайн кеңес барысында нарық жұмысының регламенті мен қосымша қызметтерді бекіту және орналастыру тәртібіне қатысты, ақпараттық жүйеде тіркеу тәртібі және ақпаратты уақтылы орналастырмағаны үшін нарық иелерінің жауапкершілігі мәселелер қаралды (жалдау шартының маңызды шарттары, сатушылардың (жалға алушылардың) және олар алатын сауда орындарының сәйкестігіне жүзеге асырылатын мониторинг нәтижелері, хабарламалар мәселелер талқыланды.