
Ұлытау облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің негізгі мақсаттарының бірі ішкі сауданы дамыту және реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
Осыған сәйкес Департамент Ұлытау облысы әкімінің бірінші орынбасары А.С. Бәрекеновтың төрағалығымен өтетін азық-түлік тауарларына баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі жұмыс тобының комиссия мүшесі ретінде электрондық шотфактураларға талдау жүргізеді.
Департаментпен электрондық шот фактураларға талдаужұмыстарын жүргізубарысында 5кәсіпкердің заң бұзушылықтарыанықталды.
Олар:
1. Сәтбаев қаласында орналасқан ірі сауда тасымалымен айналысатынзаңды тұлғаәлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына кіретін макарон өніміне шекті сауда үстемесінің мөлшерін26,42 %-ға асырып сатыпзаң бұзушылық жасаған.Яғни,жеке кәсіпкер «Петра 400 гр макарон өнімін жеткізіп берушілерден 136,61 теңгеден 480 дана сатып алып,172,32 теңгеге сатқаны анықталды.Нәтижесімен кәсіпкер «Ескерту түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
2. Жезқазған қаласы бойынша ірі сауда дүкендерінің бірі ӘМАТ кіретін жұмыртқа өніміне тауарлық үстемесін арттырып сатқан және бұл жағдай бір жыл ішінде екін мәрте қайталанғандықтан орта кәсіпкерлік субъектісіне 258 750 (75 АЕК) мөлшерінде айыппұл салынып әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
3. Жезказған қаласы бойыншаірі сауда дүкендерінің бірі ӘМАТ кіретін тауық еті өніміне 20% тауарлық үстеменің шекті мәнін асырып сатқаны анықталды. Нәтижесімен кәсіпкерге «Ескерту» түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
4. Жезказған қаласы бойыншаірі сауда дүкендерінің бірі ӘМАТ кіретін жуа (пияз) өнімін 68% тауарлық үстеменің шекті мәнін асырып сатқаны анықталды. Нәтижесімен кәсіпкерге «Ескерту» түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
5. Жезказған қаласы бойыншаірі сауда дүкендерінің бірі ӘМАТ кіретін «Шедевр» және «Маслозавод №1» күнбағыс майы өніміне 20,2%және 19,4% тауарлық үстеменің шекті мәнін асырып сатқаны жоспардан тыс тексеру негізінде анықталып, нәтижесімен кәсіпкер «Ескерту» түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Департамент басшысы Ахметов Ж.А. айтуынша –«Қазақстан Республикасының Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 9-бабына сәйкес азық-түлік тауарларына, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына негізсіз үстемеақылар анықталған жағдайда, «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексінің 204-4 бабына сәйкес кәсіпкерлік субъектісіне ескерту белгіленеді. Осы құқық бұзушылықтар бір жыл ішінде қайталанған жағдайда, құқық бұзушылық жасаған ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 300 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл қарастырылған.