Департамент басшысы өңірдегі әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарлары нарығындағы бағаны тежеуге қатысты дөңгелек үстелге қатысты

Департамент басшысы өңірдегі әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарлары нарығындағы бағаны тежеуге қатысты дөңгелек үстелге қатысты

2023 жылдың 13 наурызында ШҚО бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Данияр Дюсембаев ШҚО бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті ұйымдастырған өңірдегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары нарығындағы бағаны тежеуге қатысты дөңгелек үстелге қатысты.

Аталған іс-шарада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары нарығында "алыпсатарлық схемаларды" және "өнімсіз" делдалдарды анықтау бойынша жұмысты ұйымдастыру мәселелері көтерілді және талқыланды.

Бұдан басқа, іс-шараға қатысушылар келесі ұсыныстар енгізді: өнімсіз делдалдар мен алыпсатарлық схемалардың жолын кесу, сауда үстемесі мен баға келісімінің асып кетуін белгілеу тұрғысынан жеткізілім мен баға белгілеу мониторингін қамтамасыз ету, артық делдалдық және монополия фактілерінің жолын кесу саласындағы біліктілікті айқындаудың проблемалық мәселелеріне мониторингті қамтамасыз ету.

Кездесу қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары нарығында бағаны ұстап тұру бойынша қажетті шараларды қабылдау бойынша дөңгелек үстелге қатысушылармен өзара іс-қимылды жалғастыру туралы шешім қабылданды.