
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасымен, Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен, аудандық әкімдіктермен бірлесіп, Алматы облысының жақын маңдағы аудандарының (Қарасай, Жамбыл, Іле, Талғар және Еңбекшіқазақ) ауыл шаруашылығы өндірушілері мен фермерлерінің қатысуымен кезекті жәрмеңкелер өткізді.
Жәрмеңкеге Алматы облысының 85-тен астам шаруа қожалығы қатысты, онда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары әлеуметтік бағамен ұсынылды.
Жәрмеңкелерде фермерлік шаруашылықтардың жергілікті өнімдері сатылады, жәрмеңке бағаларын ірі қара мал өсірумен айналысатын шаруа және қосалқы шаруашылықтардың өкілдері де, әлеуметтік бағамен азық-түлік тауарларының болуын қамтамасыз ететін мемлекет те белгілейді, бұл сауда алаңдары ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер мен фермерлерге өз өнімдерін делдалдарсыз тікелей тұтынушыларға сатуға ықпал етеді.
Сонымен қатар, азаматтарға қолайлы жағдай жасау үшін тұрақ орындарын қамтамасыз ету бөлігінде тұтынушылардың құқықтарын қорғауды ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізілді.
Жәрмеңкеге қатысушыларға, департамент қызметкерлері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің асып кетуіне жол бермеу туралы талаптарды, сондай-ақ "тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Заңның нормаларын түсіндірді, онда сатушы сатып алушының өтініші бойынша тауар туралы барлық деректерді ұсынуға міндетті екендігі көрсетілген. "тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Заңның 24-бабы.