Департамент басшылары және қызметкерлері базар иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Департамент басшылары  және қызметкерлері базар иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізді

ҚР СИМ Бірінші вице-министрі А. А. Шакқалиевтің тапсырмасын орындау мақсатында 2023 жылғы 23 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшылары мен қызметкерлері Өскемен қаласындағы "Дос-Нар", "Орталық", "Fresh Market" базарларында және "Дина" көтерме-сауда базарында кездесулер өткізу барысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы өсу себептері, логистика мәселелері және өзінің кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыру кезіндегі басқа да мәселелер талқылады.

Бұдан басқа, кәсіпкерлік субъектілерімен сауда нарықтарының қызметін ұйымдастыру қағидалары, аумақты күтіп ұстауға, сауда нарығын жабдықтауға және жарақтандыруға қойылатын талаптар және қазіргі уақытта "Ашық НҚА"порталында жарияланған ақпараттық жүйеде тіркеу қағидалары жобаларының негізгі аспектілері талқыланды.

Сондай-ақ, Департамент қызметкерлері кәсіпкерлік субъектілері арасында сауда саласындағы заңнаманы сақтауға қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді