Алматы өңірлік комиссиясы «Барыс-4» базарында тексеру ашты

Алматы өңірлік комиссиясы «Барыс-4» базарында тексеру ашты

Азық-түлік тауарларына баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемаларды анықтау мақсатында Премьер-Министрдің орынбасары, сауда және интеграция министрі Жұманғарин Серік Мақашұлының тапсырмасын орындау үшін өңірлерде азық-түлік тауарларына баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі өңірлік комиссиялар құрылды.

Алматы өңірлік комиссиясы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген сауда үстемесін сақтау тұрғысынан тұрақты негізде қала дүкендері мен базарларында көшпелі рейдтер жүргізеді.

Комиссия құрамына Алматы қаласы прокуратурасының келісіміне сәйкес, сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы, аудан әкімдіктерінің орынбасарлары, мемлекеттік кірістер, экономикалық тергеу, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, техникалық реттеу және метрология департаменттері, бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігі, ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің инспекциясы, өңірлік кәсіпкерлер палатасы  және ТЖ бар.

Жыл басынан бері өңірлік комиссия уәкілетті мемлекеттік органдардың қатысуымен делдалдық схемаларды тексеру бойынша 11 отырыс өткізді.

Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша, сонымен қатар Алматы қаласы сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің ұсынымы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Барыс-4» көтерме азық-түлік базарында салық заңнамасының сақталуына тексеру жүргізеді, оның ішінде өнімсіз делдалдар тізбегін және сауда үстемесінің асып кету фактілерін анықтау жатады.

Комиссия жұмысының мақсаты әлеуметтік маңызы бар тауарлар өнімдеріне қаланың осы базарында тұрақты баға белгілеуді қамтамасыз ету болып табылады.