«Ашық НҚА» порталында «Ақпараттық жүйеде тіркеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрықтың жобасын орналастыру туралы

«Ашық НҚА» порталында «Ақпараттық жүйеде тіркеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрықтың жобасын орналастыру туралы

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру үшін Сауда комитеті ақпараттық жүйеде тіркеу Қағидаларының жобасын (бұдан әрі - Жоба) дайындады.

2023 жылғы 17 ақпанда жоба «Ашық НҚА» порталында орналастырылды.

Жоба сауда қызметі саласындағы ақпараттық жүйені бірінші кезекте оны талдау және оның негізінде туындаған проблемалық мәселелерді шешу үшін ақпарат жинауға, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қысқартуға және ішкі сауда субъектілерін бақылау органдары тарапынан олардың қызметін негізсіз араласудан қорғауға бағытталған пайдалануды көздейді.