
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 30 желтоқсандағы ҚР Заңын (бұдан әрі - Заң) іске асыру үшін Сауда комитеті сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидаларына, аумақты күтіп-ұстауға, сауда нарығын жабдықтауға және жарақтандыруға қойылатын талаптар (бұдан әрі-Қағидалар) жобасын әзірледі.
2023 жылғы 17 ақпанда қағидалар жобасы «Ашық НҚА» порталында орналастырылды.
Жоба қабылданған Заңға қатысты бірқатар жаңалықтарды қарастырады:
- сауда нарықтарының сызбаларын құрудың біркелкілігіне келтіру мақсатында әкімшілік аймақ, қойма аймағы, экспликация ұғымдары енгізіледі;
- сауда нарығының регламенті мен қосымша қызметтер тізбесін бекіту мазмұны мен рәсіміне нақты талаптар белгіленді, бұл тетіктер нарық әкімшілігі көрсететін жалдау құны мен қызметтерге баға белгілеудің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді;
- «жауапкершіліктің бұлыңғырлығын» жою мақсатында сауда нарығының әкімшілігіне және оның иесіне (иегеріне) қойылатын талаптар белгіленді. Нарық әкімшілігі сауда нарығы регламентінің сақталуына мониторингті жүзеге асыратын болады.
-QR-код арқылы ақпараттық жүйе арқылы жалға алушылардың ұсыныстарын жинау және қарау тетігі енгізіледі.