Алматыда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі Алматы қалалық комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

Алматыда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі Алматы қалалық комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Алматы қаласы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының м.а. Г.Г. Данияров, Алматы қаласының әкімінің орынбасры А.Е.Абдыкадыровтың төрағалығымен және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Д. М. Малаховтың қатысуымен өткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі Алматы қалалық комиссиясының кеңейтілген отырысына қатысты.

Комиссия отырысы онлайн форматта, ZOOM платформасында бейнебайланыс арқылы өткізілді.

Отырысқа аудан әкімдері, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, квазимемлекеттік сектордың басшылары және жұртшылық өкілдері қатысты.

Сөз сөйлеу барысында Алматы қаласының әкімінің орынбасары А.Е.Абдыкадыров сыбайлас жемқорлыққа уақтылы және үйлестірілген іс-қимылдармен ғана тиімді қарсы тұруға болатынын атап өтті.

Өз баяндамасында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Д.М. Малахов мәжіліске бірқатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалардың заңнамалық негіздерін бекіту бойынша тағы екі заң жобасы енгізілетінін хабарлады. Атап айтқанда, бұл қаржылық тергеу институтын енгізуге, пара беру уәдесін/ұсынысын криминализациялауға, заңды тұлғалардың сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілігін күшейтуге және мүдделер қақтығысын құқықтық реттеуді дамытуға қатысты.

Отырыста мемлекеттік қызметшілер арасында алдын алу шараларын іске асыру және Алматы қаласының мемлекеттік органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу саласындағы іске асырылған процестерді талқылау талқыланды. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасына сәйкес, мемлекеттік органдар қызметінің әртүрлі салаларындағы проблемалық мәселелер көрсетілді.

Бірінші басшылардың қарамағындағыларға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілігіне, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауға және Мемлекеттік сатып алуды іске асыру процестеріне ерекше назар аударылды.