СК: 2022 жылы 522 мемлекеттік қызмет көрсетілді

СК: 2022 жылы 522 мемлекеттік қызмет көрсетілді

2023 жылғы 31 қаңтарда «Ашық деректер» порталында тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына берілген лицензиялардың тізбесі орналастырылды.

Сауда комитеті Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 17 тамыздағы № 102 шешіміне сәйкес «тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсетеді.

Ет әкелудің 2022 жылға арналған тарифтік квоталардың көлемі:

  • ірі қара малдың еті – 21 000 тонна (оның ішінде 56% жеткізушілерге – 11 760 тонна (ҚР СИМ бөледі), 44% өңдеушілерге – 9 240 тонна (ҚР АШМ бөледі);
  • құс (тауық аяқтары) - 128 000 тонна;
  • тағамдық қосалқы өнімдері – 12 000 тонна.

2022 жылғы 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында 522 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде тарифтік квоталар көлемінің қалдықтарынан өтінімнің таусылуы не асып кетуі себебінен 207 негізделген бас тарту, жеке және заңды тұлғаларға 315 лицензия берілді.

Квота шеңберінде тауарлардың импорты кедендік баждың неғұрлым төмен ставкасы бойынша әкелуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Бұл өз кезегінде Қазақстан Республикасында тауарды өткізу кезінде бағаға оң әсер етеді.