
Алматы қаласы Сауда департаментінің өкілдері «Столичный» супермаркетіне әлеуметтік желілерде жарияланған пішінді нанның жоғары бағасы туралы ақпаратты тексеру үшін барды. Жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша ақпарат расталмады, өйткені супермаркеттің нан қатарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жатпайтын әртүрлі сорттар мен өндірушілер өнімдері орналастырылған. Бұл ретте «Ақсай « ХБК» ЖШС өндірушісінен 84 теңге бағамен пішінді нан «Әлеуметтік маңызы бар нан» белгісімен сөреге орналастырылған.
Супермаркет басшылығының түсіндірмесіне сәйкес, дүкенге күн сайын қысқа уақыт ішінде сатылатын 60 бөлке әлеуметтік пішінді нан әкелінеді. Әлеуметтік желіде жарияланған бейнені түсіру кезінде бұл нан бітіп қалған.
Алматы Сауда департаменті «Столичный» супермаркетінің басшылығына азаматтардың қажеттілігін көбірек жабу үшін әлеуметтік пішінді нанды күнделікті жеткізу көлемін ерекше бақылауға алуды және ұлғайтуды ұсынды. Сондай-ақ, сауда үстемесінің 15% - дан асуына жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.