
Ағымдағы жылдың 28-29 қаңтарында қаланың бес ауданында: Алмалы, Бостандық, Әуезов, Медеу, Түрксіб аудандарында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді.
Жәрмеңкеге Алматы облысы Қарасай, Жамбыл, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандарының фермерлері мен тауар өндірушілері, сондай-ақ Алматы қаласының азық-түлік кәсіпорындары қатысады.
Жәрмеңкеде нарықтық бағадан төмен бағамен сатып алуға болатын 50-ден астам өнім (ет-сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдері, ұн, жарма, өсімдік және жануарлар майлары және т.б.) ұсынылады.
Осындай жәрмеңкелер ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өз өнімдерін тікелей тұтынушыларға сатуға, сол арқылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға ықпал етеді.