
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің тапсырмасы шеңберінде Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің Алматы қаласы сауда департаментінің қызметкерлерімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілерге, көтерме жеткізушілерге және үйдің жанындағы дүкендерде, қаланың ірі базарларында, «Magnum», «Toimart», «Small» сияқты сауда желілерінде және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сататын 217-ден астам кәсіпорында «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қолданыстағы нормалары бойынша және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілердің шекті сауда үстемесінің мөлшерін алу-сату шарттарында міндетті түрде көрсетуі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сататын өкілдер үшін «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес жауапкершілік туралы ақпарат жеткізілді, онда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын жеткізу шарттары жасалған жағдайда шекті сауда үстемесінің мөлшері міндетті түрде белгіленуге тиіс, өйткені осы талапты бұза отырып жасалған келісім, жарамсыз.
Шекті сауда үстемесінің рұқсат етілген мөлшері өндірушінің сату бағасының немесе көтерме жеткізушінің сатып алу бағасының он бес пайызынан аспайды. 9-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес белгіленетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесінің мөлшері асып кеткен кезде ішкі сауда субъектісі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Анықтама үшін: Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 204-4 бабы- ішкі сауда субъектісінің Қазақстан Республикасының Сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белгіленген ӘМАТ-қа сауда үстемесінің мөлшерінен асыруы – ескерту жасауға әкеп соғады, бір жыл ішінде қайталап асырып кеткені үшін – шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - 10 АЕК мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 75 АЕК мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін - 300 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына мыналар жатады:
|
ақ қант - құмшекер |
күнбағыс майы |
|
бірінші сортты ұннан жасалған бидай ұны |
тауық еті (жамбас және іргелес жұмсақ еті бар жіліншік) |
|
бірінші сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нан |
сиыр еті (сүйекті жауырын- кеуде бөлігі) |
|
рожки (салмағы өлшенетін) |
пастерленген сүт майлылығы 2,5%, жұмсақ пакеттегі |
|
қарақұмық жармасы (ядросы, салмағы өлшенетін) |
айран майлылығы 2,5%, жұмсақ пакеттегі |
|
күріш (салмағы өлшенетін) |
сары май (тұзсыз, майлылығы 72,5% кем емес, толтырғышсыз және өсімдік майсыз) |
|
картоп |
|
|
асханалық сәбіз |
тауық жұмыртқасы (бірінші санат) |
|
пияз |
ас тұзы (экстрадан басқа) |
|
қырыққабат |
сүзбе майлылығы 5-9% |