
13 қаңтарда СИМ аппаратының басшысы Асқар Бегмановтың аумақтық департаменттер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларымен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында Асқар Әбдіғалиұлы Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы айтып, орындаушылық тәртіп деңгейін арттыру мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында департамент басшылары 2022 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша баяндама жасап, алдағы жұмыс бағыттарын айтты.
Осыған байланысты департаменттерге Министрлік саясатының іске асырылу барысына бақылауды одан әрі күшейту жөнінде тапсырмалар берілді.