Бизнес және билік. Тығыз ынтымақтастық.

Бизнес және билік. Тығыз ынтымақтастық.

2022 жылғы 22 желтоқсанда Астанада Мемлекеттік органдардың елорда кәсіпкерлерімен кездесуі өтті.

Кездесуді Астана әкімі Ж. Қасымбек ашты. Кездесуге Қазақстан Республикасының Сауда және интеграцияның Бірінші вице-министрі А.Шакқалиев қатысты. Ол ведомстводағы сауданы реттеу және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тежеу бойынша атқарылған жұмыстар мен перпсективалар туралы айтып берді. Кездесудің новелласы А.Шакқалиевтің елорданың да, бүкіл республиканың да азық-түлік қауіпсіздігіне елеулі үлес қосатын тауар өткізу жүйесі туралы тұсаукесері болды. Сауда объектілерін салудың жаңа тәсілдері, баға белгілеу тізбегін реттеу және қадағалау мәселелері көтерілді

Мемлекеттік органдардың өкілдері елордада бағаны ұстап тұру және әлеуметтік азық-түлік өнімдерінен пайда табатын жосықсыз бизнеске қарсы күрес аясында жүргізілген бақылау-қадағалау шаралары туралы айтып берді.

Кездесу қысқа және мазмұнды өтті. Өз кезегінде кәсіпкерлер сұрақтарын жолдады. Елорда басшысы құзыретті жауап алу үшін бірден уәкілетті органдардың өкілдерін орындарынан көтеріп, жауап беруін талап етті. Ол бірқатар кәсіпкерлерді өзекті мәселелерді одан әрі шешу үшін жеке қабылдауына шақырды.

Сауда желілерінің басшыларымен, ӘМАТ өндірушілерімен, базар басшыларымен ашық және іскерлік әңгіме өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша, қала әкімі кәсіпкерлерден жаңа жыл мен алдағы мерекелер қарсаңында баға белгілеуге өте байыпты қарауды және әлеуметтік жауапкершілік туралы ұмытпауды сұрады.

Ж. Қасымбек кәсіпкерлерді осындай кездесулерді тұрақты түрде өткізуге шақырды.