
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізу кезінде туындайтын проблемалық мәселелерді зерделеу мақсатында Сауда департаменті аудандық әкімдіктердің қызметкерлерімен және қоғам қайраткерлерімен бірлесіп сауда саласындағы заңнаманы, оның ішінде үй жанындағы дүкендердің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген сауда үстемесі бар тауарларды өткізу рәсімін сақтауын түсіндіру бойынша кешенді жұмыс жүргізілді.
Үй жанындағы дүкендерді қамту бойынша жұмыс барысында 26 дүкенде сауда үстемесінің асып кеткені анықталды және оның нәтижелері бойынша кәсіпкерлерге заңнама талаптары түсіндірілді.
Бұдан басқа, кәсіпкерлерге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің өндірушінің сату бағасының немесе көтерме жеткізушінің сатып алу бағасының он бес пайызынан астамына артқаны үшін жауапкершілік туралы және бұзушылықтар анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 204-4-бабына сәйкес шаралар қабылданатыны туралы хабардар етілді.
Сондай - ақ, Ішкі сауда субъектісінің сауда үстемесін бірінші рет асырғаны үшін ескерту жасауға, ал қайталап бұзғаны үшін-10-нан 300 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғатыны туралы ақпарат жеткізілді.
Көп жағдайда кәсіпкерлер осы талаптарға түсіністікпен қарайды, белгіленген нормаларды сақтайды және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының көтерме бағалары мерзімді түрде өседі деп алаңдайды.