
Елордада азық-түлік тауарларына баға белгілеудің барлық тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі өңірлік комиссия, өндірушілер мен астанадағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін сататын көтерме саудагерлер арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Тараптар азық-түлік тауарларының негізгі түрлеріне, атап айтқанда, ҰӘҚҚ бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу үшін бірлескен белсенді шаралар қабылдауға келісті.
Құжатқа Астана қаласының бизнес өкілдерімен кездесу аясында қол қойылды, мемлекеттік органдармен өзекті мәселелер мен бағаны тұрақтандыру бойынша қабылданған шаралар талқыланды.
Атап айтқанда, осы мақсатта әкімдік пен сауда органдары тарапынан бірқатар шаралар атқарылуда. Бұл 15%-дан астам сауда маржасын белгілеуге тыйым салу заңнамасының нормаларын сақталуына тексеру жүргізу, арзан ұннан нан өндіру, ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін ұйымдастыру, әкімдіктің қаулысымен бекітілген ережелерге сәйкес бағаны тұрақтандырудың кейбір тетіктерін іске асыру, сауда қызметін реттеу туралы занамасының талаптарын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары және т.б.
Кәсіпкерлерге әлеуметтік жауапкершілікті арттырып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға үлес қосуға шақырды.