
Желтоқсан мерекелері қарсаңында сауда департаментінің қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, мереке алдындағы кезеңде ӘМАТ бағаларының негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында күн сайын азық-түлік базарларына, супермаркеттер мен дүкендерге мониторинг жүргізуде.
Соңғы аптада Батыс Қазақстан облысында ӘМАТ тұтыну бағаларының индексі 100,1% құрады. Соның ішінде, С1 санатындағы тауық жұмыртқасына және тауық етіне бағаның өсуі байқалады.
Сонымен қатар, қарақұмық жармасы, күнбағыс майы, қант бағасының төмендеуі байқалады. ӘМАТ-дың қалған түрлері бойынша бағалар соңғы айда тұрақтандырылды.
Негізгі тауарларға бағаның өсуі оларға сұраныстың артуымен тікелей байланысты екендігін ескере отырып, облыс кәсіпкерлерінен мереке алдындағы және мереке күндері бағаның негізсіз өсуіне жол бермеуін сұраймыз.
Естеріңізге сала кетейік, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, кәсіпкерлік субъектілері сатылатын ӘМАТ-қа белгіленген шекті сауда үстемесін сатып алу бағасынан 15%-дан аспайтын мөлшерде сақтауға міндетті, осы нормалар бұзылған жағдайда кәсіпкерлік субъектілері үшін сауда айналымының көлеміне байланысты 10 АЕК-тен (30 630 теңге) бастап 300 АЕК-ке (918 900 теңге) дейінгі мөлшерде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.