Павлодар облысында aғымдағы жылдың қараша айында 6 кәсіпкер ӘМАТ бойынша сауда үстемеақысын сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Павлодар облысында aғымдағы жылдың қараша айында 6 кәсіпкер ӘМАТ бойынша сауда үстемеақысын сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Павлодар облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына (бұдан әрі – ӘМАТ) тұрақты негізде мониторинг жүргізілуде. Мониторинг аясында Сауда департаменті мен жергілікті атқарушы орган қызметкерлері қаланың сауда нысандарында 15 пайыздық сауда үстемеақысын сақтау керектігі туралы ӘМАТ бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 қаулысымен ӘМАТ тізбесімен бекітілген «Ескертулер», сондай-ақ Заңда белгіленген тауар бағасын бұзған жағдайда әкімшілік жауапкершілік туралы мәліметтер таратылды.

Сонымен қатар, кейбір сауда нысандары заң талаптарын орындай бермейді. Мәселен, ағымдағы жылдың қараша айында азаматтардан сауда үстемеақысын сақтамаудың бар тәуекелдері бойынша 13 ресми өтініш түскен. Ашық тексерулер аясында 6 факті бойынша сауда субъектілері ҚР ӘҚБК-нің 204-4 бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Бір жағдайда бұзушылық фактісі расталмады, 7 өтініш бойынша тексеру жалғасуда.

Жүргізілген тексерістердің нәтижесінде, сауда субъектілері бағаны ӘМАТ үшін рұқсат етілген 15% сауда үстемесі шегінде төмендетті.