
Жыл соңына дейін Павлодар облысында жалпы сақтау көлемі 74,2 мың тонна өнім болатын алты жаңа көкөніс қоймасының құрылысын аяқтау жоспарлануда. Өңірдің ауыл шаруашылығы басқармасының ақпараты бойынша облыста жалпы сақтау көлемі 460 мың тоннадан асатын 140-тан астам көкөніс қоймасы бар. Көкөніс қоймалары фермерлерге көкөністерді қысқы-көктемгі кезеңде сақтауға және өнімді тұтынушыларға жеткілікті көлемде сатуға мүмкіндік береді.
Павлодар облысының сауда департаментінің басшысы Дәулен Қабдушевтің айтуынша, өңір республикадағы картоп пен сәбіздің негізгі өндірушілерінің бірі болып табылады. Ағымдағы жылы облыс халқының қажеттілігінен 776,5 мың тонна немесе 10 есе көп картоп жиналды. Республикалық көрсеткіштегі өндіріс үлесі шамамен 14% -. құрайды. Көкөністердің жалпы жинағы 210 мың тоннаны құрады, оның ішінде сәбіз 169 мың тонна немесе қажеттіліктен 9 есе көп жиналды. 2022-2023 ж.ж. қыс-көктем кезеңіне көкөніс қоймаларына 317 мың тонна картоп, 120 мың тонна сәбіз салынды. Облыстан тыс жерлерде сату үшін, сондай-ақ экспортқа ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде 218 мың тонна картоп және 100 мың тонна сәбіз бар.
Бұдан басқа, "айналым схемасы" шеңберінде Қазақстан өңірлерін маусымаралық кезеңде тұрақты бағамен картоппен қамтамасыз ету бойынша меморандумдар жасасу мәселесі пысықталуда. Онда фермерлер картоп өндіруге мемлекеттен жеңілдікті қарыздар ала алады, сондай-ақ технологиялық жабдықтарды жаңғырта алады. Өз кезегінде фермерлер картопты отандық сауда желілері мен тұтынушыларға тұрақты бағамен жеткілікті көлемде сатуды жүзеге асыратын болады.