
Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру және реттеу мақсатында Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы мен департаменті қызметкерлері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуіне жол бермеу бойынша профилактикалық бақылау іс-шараларын жүргізді, олардың нәтижелері бойынша бірқатар субъектілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды және оларға қатысты әкімшілік хаттамалар жасалды.
Сауда объектілерінің жауапты тұлғаларына түсіндіру жұмыстары барысында "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
9-бабына сәйкес ішкі сауда субъектісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына шекті сауда үстемесінің мөлшерін белгілейтіні және асып кеткен жағдайда субъект әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің 204-4-бабына сәйкес жауапты болатыны туралы ақпарат жеткізілді.
Департамент басшысы Данияров Геннадий "Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы бірлесіп әлеуметтік маңызы бар өндірістік тауарлардың бағасын, оның ішінде сауда үстемесінің асып кетуіне жол бермеу бойынша профилактикалық іс - шараларды тежеу бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын" атап өтті.
Бұдан басқа, сауда объектілерінің субъектілеріне "Сауда қызметін реттеу туралы" ҚР Заңының талаптары түсіндірілді, сондай-ақ олар осы өнімнің шекті құнын асыра бағалаған жағдайда әкімшілік жауапкершілік туралы ақпараты бар жадынамалар табыс етілді.