
Орал қаласында «Алтындар», «Лидер», «Анвар» супермаркет желілері, «Вега» супермаркеті және «Дина» гипермаркеті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының сауда үстемесін 10% дейін төмендетті.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының одан әрі бақылаусыз өсуіне жол бермеу мақсатында Батыс-Қазақстан облысы Орал қаласының әкімдігі жоғарыда аталған сауда нысандарымен әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын төмендету және ұстап тұру туралы меморандум жасасты.
Меморандум сауда желілеріндегі азық-түлік бағасын тұрақтандыруға көмектеседі.