Қарағанды облысында сауда нысандары мен жергілікті атқарушы органдар арасында сауда үстемесін 10%-ға дейін төмендету туралы меморандумдар жасалды.

Қарағанды облысында сауда нысандары мен жергілікті атқарушы органдар арасында сауда үстемесін 10%-ға дейін төмендету туралы меморандумдар жасалды.

Қарағанды облысының сауда департаментінің басшысы Мейір Алпысовтың айтуынша, Қарағанды облысында 8 сауда желісі және 3246 дана "үй жаныда"дүкені қызмет көрсетеді.

Бүгінгі таңда жергілікті атқарушы органдар мен  Сауда нысандары арасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына 10% - дан аспайтын ең төменгі сауда үстемесі туралы 2960 меморандумға қол қойылды.

Тек Қарағанды қаласы бойынша 1081 меморандумға қол қойылды, атап айтқанда  «Норма», «Аян», «Южный», «Корзина», «Магнум», «Юма» сияқты ірі сауда нысандары қамтылды.

Қарағанды облысының аудандары мен облыстық маңызы бар қалалары бөлінісінде төмендегі  сауда нысандармен меморандумадар жасалды:

– Балқаш-151, Приозерск – 34, Саран – 187, Теміртау – 292, Шахтинск – 165, Абай ауданы – 166, Ақтоғай ауданы-91, Бұқар Жырау ауданы – 177, Қарқаралы ауданы – 225, Нұра ауданы – 135, Осакаров ауданы – 147, Шет ауданы – 109.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тежеу бойынша селекторлық кеңес өткізіп, онда әлеуметтік маңызы бар өнімдерге 10% - дан аспайтын сауда үстемесін сақтау туралы меморандумдар жасау қажеттілігі туралы мәселе талқыланған болатын.