
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағаны ұстап тұру, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар тауарларға 10% - дан аспайтын сауда үстемесін сақтау туралы тапсырмасы шеңберінде, қала Әкімдігі Алматы қаласында орналасқан ірі сауда желілерімен бірқатар меморандумдар жасасты.
Бүгінгі күні жасалған меморандумдар шеңберінде «Магнум», «Small», «Toimart» және т.б. сияқты ірі сауда желілері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесін 10% - ға дейін төмендету бойынша белсенді жұмысты бастады.
Алматы қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сататын 148-ден астам сауда нүктелері бар 10-ға жуық ірі сауда желілері бар.
Алматы қаласы Сауда департаментінің басшысы Геннадий Гожахметович - «Жасалған меморандумдар шеңберінде сауда үстемесін 10% - ға дейін төмендету баға белгілеудегі маңызды кезең болып табылатынын және халыққа әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын төмендетілген бағамен сатып алуға мүмкіндік беретінін» атап өтті.
Еске салайық, өткен аптада Астана қаласы, Павлодар, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстары сияқты өңірлер бірқатар меморандумдарға қол қойған болатын.