Батыс Қазақстан облысының шаруа қожалықтары биылғы жылы 71 мың тоннадан астам көкөніс өнімдерін дайындады

Батыс Қазақстан облысының шаруа қожалықтары биылғы жылы 71 мың тоннадан астам көкөніс өнімдерін дайындады

Батыс Қазақстан облысының аграршылары биыл 71 мың тоннадан астам көкөніс дайындады. Аймақта 50395 тонна картоп, 6406 тонна пияз, 8999 тонна қырыққабат және 5776 тонна сәбіз жиналды.

Жиналған көкөністердің барлығы облыстың көкөніс қоймаларына сақтауға салынды. Естеріңізге сала кетейік, облыста 62 көкөніс қоймасы жұмыс істейді, бұл көкөністерді сақтауға және тұрақты бағамен, оның ішінде маусымаралық уақытында сатуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР СИМ Сауда Комитетінің sauda_komiteti баспасөз қызметі.

Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданында орналасқан «Балакирев» ШҚ аймақтағы жетекші аграрлық шаруашылықтардың бірі болып табылады. Кәсіпорын картоп өсірумен және сақтаумен айналысады. Ағымдағы жылы компания өзінің көкөніс қоймасына 1000 тоннадан астам картоп өнімін салды.