ШҚО-да азық-түлік тауарларына баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тергеу бойынша Комиссияның отырысы өтті

ШҚО-да азық-түлік тауарларына баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тергеу бойынша Комиссияның отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 22 қазанында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Нұрбаев Ержан Ахтанұлының төрағалығымен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде азық-түлік тауарларына баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Комиссияның барлық мүшелері, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының сауда департаментінің басшысы қатысты.         

Отырыста күн тәртібіне сәйкес мәселелер қаралды: ҚР Бәсекелестікті дамыту агенттігінің ШҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Набиев Ренат «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары нарығындағы ағымдағы жағдай және монополияға қарсы әрекет ету шаралары туралы» баяндады, ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысының м.а.  Ольга Григорьева «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы бойынша ақпарат» туралы баяндады, ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Рамиль Сағандықов «Өндірушілерден әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы бойынша ақпарат» баяндады.

Отырыс барысында ШҚО сауда департаментінің басшысы жергілікті өндірушінің сүт өнімдеріне бағаның өсуі мәселесін көтерді. Осыған байланысты, комиссия төрағасы жергілікті атқарушы органға сүт өнімдеріне бағаның өсуіне талдау жүргізу және Комиссияның келесі отырысына дейін баяндау туралы хаттамалық тапсырма берді.