
Батыс Қазақстан облысының Сауда департаменті азық-түлік тауарларының саудасы саласында өз қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, оның шеңберінде Департамент қызметкерлері 2022 жылдың қыркүйек айының басынан бастап апта сайын шағын азық-түлік дүкендерінде сауда қызметін реттеу, азық-түлік қауіпсіздігі және бағаны тұрақтандыру шеңберінде ҚР заңнамасының қолданыстағы нормалары түсіндірілді. Сонымен қатар, азық-түлікке бағалардың өсуі туралы Департаменттің Call-center-іне түскен шағымдар бойынша шұғыл аталған дүкендерге тексеріс жұмыстары жүргізілді.
Қаланың шағын аудандарында орналасқан 22 үйдің жанындағы дүкендерге, соның ішінде шағым түскен 4 дүкенге, шығу ұйымдастырылып, ҚР заңнамасының негізгі талаптары және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуіне жол бермеу туралы және оларды бұзғаны үшін қарастырылған жауапкершілік шаралары туралы жадынамалар ұсынылды.
Барлық кәсіпкерлер осы талаптарға түсіністікпен қарап, белгіленген нормаларды сақтайтыны туралы және азық-түлік таураларының көтерме бағалары үнемі өсіптұратыны және осыған байланысты олар тауарларға бағаны өзгертуге мәжбүр екені туралы хабарлады.
Шағымдар келіп түскен дүкендерді тексеру нәтижелері бойынша тек біреуінде ғана ҚР «Сауда қызметі туралы» Заңына сәйкес ӘМАТ-қа баға белгісін ресімдемеу бөлігінде бұзушылық бар, кәсіпкерге заң талаптарын бұзғаны туралы және оларды жою қажеттілігі туралы ресми түрде хабарланды. Негізінен сатып алушылардың шағымдары ӘМАТ-қа жатпайтын тауарларға қатысты (ауыз суы, жоғары сұрыпты нан, С0 және С2 санаттағы тауық жұмыртқалары, 3,2% және 6% сүт, жауырын-төс бөлігіне жатпайтын сиыр еті).
Естеріңізге сала кетейік, «Сауда қызметі туралы» ҚР Заңына сәйкес сауда субъектілері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесінің мөлшері тауар өндірушілерден немесе көтерме саудашылардан сатып алынған бағалардан 15% - дан аспауы тиіс, сондай-ақ сатылатын тауарларға тиісті баға белгілері болуы тиіс.
Осы нормаларды бұзғаны немесе сақтамағаны үшін шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін 6-дан 10 АЕК-ке дейін, орта кәсіпкерлік субъектілері үшін 10-75 АЕК және ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін 30-300 АЕК мөлшерінде айыппұл белгіленген.