Солтүстік Қазақстан облысында түсіндірді: сатылатын тауарларда баға белгілерінің болмауы неге әкеледі

Солтүстік Қазақстан облысында түсіндірді: сатылатын тауарларда баға белгілерінің болмауы неге әкеледі

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сауда департаментінің қызметкерлері Петропавл қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің мамандарымен бірлесіп қаланың дүкендері мен базарларына рейд жүргізді.

Іс-сапардың мақсаты – «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес сатушы тауардың құнын теңгемен көрсетуге міндетті екенін, баға белгілері сауда нысанының ішкі және сыртқы терезелерінде  көрсетілуі тиіс. Сондай-ақ сатушы сатуға міндетті, ал сатып алушы баға белгісімен көрсетілген құнға сәйкес тауарды сатып алуға құқылы.

Сонымен қатар, сатушының аталған талаптарды орындамауы заңсыз болып табылатыны және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 193-бабының 4, 5-бөліктеріне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатыны есертілді.

Сондай- ақ, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қымбаттауына жол бермеу мақсатында қаланың сауда нысандарында да түсіндіру жұмыстары жалғасын тапты.

Түсіндіру жұмыстары барысында бөлшек сауда объектілерінің иелеріне «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының  заңының 9-бабына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына тауарлық үстеме бағасы өндірушінің сату бағасынан немесе көтерме жеткізушінің сатып алу бағасынан 15%-дан аспауы керектігі туралы жаднамалар таратылды. Осы бапты бұзған жағдайда Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 204-4-бабына сәйкес жауапкершілік қарастырылған, бұл туралы сауда объектілерінің иелері де хабарланған.