Қазақстан астанасында сауда желілері сауда үстемесін 10 % ға дейін төмендетті

Қазақстан астанасында сауда желілері сауда үстемесін 10 % ға дейін төмендетті

Бүкіл Қазақстан бойынша сауда желілерімен сауда үстемесін төмендету бойынша келіссөздер жалғасуда. Мұндай шаралар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын төмендетуге көмектеседі.

Астанада 203 дүкені бар 29-ға жуық сауда желілері бар. ӘМАТ-ты сатумен 21 сауда желісі айналысады, оның ішінде 121 дүкені бар 12 сауда желісі ірі болып табылады.

«Вкусмарт», «ФерМаг», «Ақмол», «Астықжан» және «Анвар» брендімен тіркелген 39 сауда нүктесі бар дүкендер желісі елорда әкімдігімен ӘМАТ тізіміндегі өнімдерге сауда үстемесін 10%-ға дейін төмендету туралы меморандумдар қабылдады.

Осындай меморандумға қол қоюға дайындығын 82 дүкені бар 7 сауда желісі қоса растады.