
"Қоғамдық сананы жаңғырту" жобасын іске асыру аясында Алматы қаласы сауда департаментінің қызметкерлері аз қамтылған отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі жандарға азық-түлік тапсыру түрінде қайырымдылық көмек көрсетті.
Бұл іс-шараның мақсаты халық арасында парасаттылық қағидатын қалыптастыру болып табылады, дәл осындай акциялардың арқасында біздің қаламыздың адал және парасатты азаматтарының ұрпағын өсіруге болады, олар кейіннен еліміздің әл-ауқаты үшін көп пайдалы болады.
Біздің ойымызша, бей – жай қарамау және игі істерге деген ниет бұл әр адамның азаматтық борышы.
Қайырымдылық - бұл адамнан адамға жақсы ниет пен адамгершілік құндылықтарды көрсететін қиын сәтте қамқорлық пен қолдаудың көрінісі.