
Жәрмеңкеде өңірдің 100-ден астам ауыл шаруашылығы құрылымдары әкелген тауарлардың 20-дан астам түрі ұсынылды, оның ішінде: 395 тонна картоп пен көкөніс, 60 тонна ет, 2 тонна күркетауық еті, 10 тонна балық, 100 мың дана жұмыртқа, 7 тонна шұжық және жартылай фабрикаттар, 11 тонна сүт өнімдері, 8,5 тонна бал, 6 тонна өсімдік майы, сондай-ақ 18,5 тонна басқа да өнімдер.
Елордадағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне Павлодар облысының тауар өндірушілері барлығы 520 тонна өнім әкелді. Сонымен қатар, елорда тұрғындары мен қонақтары үшін Павлодар облысының әртістері концерттік бағдарлама ұйымдастырды.
Естеріңізге сала кетейік, өңірлердің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өз өнімдерін делдалдарсыз тікелей тұтынушыларға сатады, нәтижесінде өнім бағасы нарықтық бағадан 10-20% - ға төмен.