БҚО-да жыл басынан бері төмендетілген бағамен 300-ден астам жәрмеңке өтті

БҚО-да жыл басынан бері төмендетілген бағамен 300-ден астам жәрмеңке өтті

Орал қаласында ағымдағы жылдың 14-16 қазан кундері кезекті ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтті, оған облыстың 120-дан астам шаруа қожалықтары мен азық-түлік тауарларының өндірушілері қатысып, өз өз өнімдерін халыққа ұсынды. Үш күннің ішінде жәрмеңкеге облысымыздың 20 мыңнан астам тұрғыны келді.

Жәрмеңкеде жергілікті тауар өндірушілердің өнімдері ұсынылды, өнімдердің бағасы нарықтық бағалардан 15-20% төмен деңгейде сатылды. Жәрмеңкелер ұсынылған тауарлардың негізін құрайтын – ет өнімдері, құс еті, балық, көкөніс, жеміс-жидек, бақша өнімдері, макарон және бакалея өнімдері.

Ағымдағы жылдың басынан бастап БҚО-да 330-дан астам жәрмеңке, соның ішінде Орал қаласында 63 жәрмеңке  өткізілді, онда барлығы 398 тонна мал еті, 50 тонна балық, 1 710 тонна көкөніс және бақша өнімдері, 28 тонна сүт өнімдері, 60 тонна шұжық және 35 тонна макарон өнімдері, сондай-ақ 1,5 млн. данадан астам тауық жұмыртақасы сатылды.

Жалпы мұндай жәрмеңкелердің өткізілуі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары нарығындағы бағалардың қалыптасуына оң әсер етеді және облысымыздың тұрғындары тарапынан оң пікірлерге ие.