БҚО-да үй жанындағы 18 дүкен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлардың сауда үстемесін 15%-ға дейін сақтау қажеттілігі туралы ескертілді

БҚО-да үй жанындағы 18 дүкен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлардың сауда үстемесін 15%-ға дейін сақтау қажеттілігі туралы ескертілді

Батыс Қазақстан облысының Сауда департаменті азық-түлік тауарларының саудасы саласында өз қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, оның шеңберінде Департамент қызметкерлері 2022 жылдың қыркүйек айының басынан бастап апта сайын шағын азық-түлік дүкендерінде сауда қызметін реттеу, азық-түлік қауіпсіздігі және бағаны тұрақтандыру шеңберінде ҚР заңнамасының қолданыстағы нормалары түсіндірілді.

Қаланың шағын аудандарында орналасқан 18 үйдің жанындағы дүкендеріне шығу ұйымдастырылып, ҚР заңнамасының негізгі талаптары және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуіне жол бермеу туралы және оларды бұзғаны үшін қарастырылған жауапкершілік шаралары туралы жадынамалар ұсынылды.

Барлық кәсіпкерлер осы талаптарға түсіністікпен қарап, белгіленген нормаларды сақтайтыны туралы және азық-түлік таураларының көтерме бағалары үнемі өсіптұратыны және осыған байланысты олар тауарларға бағаны өзгертуге мәжбүр екені туралы хабарлады.

 Естеріңізге сала кетейік, «Сауда қызметі туралы» ҚР Заңына сәйкес сауда субъектілері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесінің мөлшері тауар өндірушілерден немесе көтерме саудашылардан сатып алынған бағалардан 15% - дан аспауы тиіс, сондай-ақ сатылатын тауарларға тиісті баға белгілері болуы тиіс.

Осы нормаларды бұзғаны немесе сақтамағаны үшін шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін 6-дан 10 АЕК-ке дейін, орта кәсіпкерлік субъектілері үшін 10-75 АЕК және ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін 30-300 АЕК мөлшерінде айыппұл белгіленген.