Алматыда Кәсіпкерлер Палатасының өкілдерімен бағаны бірлесіп талдау және түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Алматыда Кәсіпкерлер Палатасының өкілдерімен бағаны бірлесіп талдау және түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Алматы қаласының Сауда департаменті Алматы қаласы Кәсіпкерлер Палатасы өкілдерінің қатысуымен қаланың сауда объектілерінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына талдау жүргізді, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жол бермеу үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Түсіндіру жұмыстары барысында сауда объектілерінің жауапты тұлғаларына «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ішкі сауда субъектісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына өндірушінің босату бағасының немесе көтерме жеткізушінің сатып алу бағасының он бес пайызынан аспайтын шекті сауда үстемесінің мөлшерін белгілейтіні туралы ақпарат жеткізілді.

Бұдан басқа, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесінің мөлшері 15% - дан астам арттырған жағдайда субъект ҚР ӘҚБтК-нің 204-4-бабына сәйкес жауапқа тартылатыны түсіндірілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 01 наурыздағы №145 Қаулысымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізбесіне өнімнің 19 түрі кіреді, атап айтқанда:

Бірінші сортты ұннан жасалған

бидай ұны

Рожки

(салмағы өлшенетін)

 

Бірінші сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нан

Күріш

(салмағы өлшенетін)

 

Сиыр еті (сүйекті жауырын- кеуде бөлігі)

Картоп

 

Тауық еті (жамбас және іргелес жұмсақ еті бар жіліншік)

Асханалық сәбіз

Пастерленген сүт

майлылығы 2,5% жұмсақ пакеттегі

Пияз

Сары май

(тұзсыз, майлылығы 72,5% кем емес, толтырғышсыз және өсімдік майсыз)

 

Ақ қырыққабат

Сүзбе майлылығы 5-9%

Айран майлылығы 2,5% жұмсақ пакеттегі

Ақ қант-құмшекер

 

Қарақұмық жармасы (ядросы, салмағы өлшенетін)

Күнбағыс майы

Ас тұзы (экстрадан басқа)

Тауық жұмыртқасы

(бірінші санат)