
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция Министрлігінің ШҚО сауда департаменті мен ШҚО тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Қазақстан Республикасы күнін мерекелеуге ұйымдастырылған «Жаңа Қазақстан - таза табиғат» экологиялық акциясын қолдады.
Департамент қызметкерлері қала аумағын қоқыс пен жапырақтардан тазартты. Бұл алаң, қарттар мен балалар уақыт өткізуді ұнататын қала орталығында орналасқан.
Өткізілген акция табиғатқа ұқыпты қарау және экологиялық нормаларды сақтау қажеттігін еске салады.
Бұл акциялар қаланы, қоршаған ортаны және жануарлар әлемін, сондай-ақ жалпы табиғатты жаңғырту үшін өте қажет.
Департамент қызметкерлері тазалықты сақтауға және экологиялық акцияларға қатысуға дайын.