
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сауда департаментінің қызметкерлері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті сауда үстемесі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Түсіндіру жұмыстары барысында «Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының талаптары негізінде сауда объектілерінің иелеріне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесін өндірушінің босату бағасынан немесе көтерме жеткізушінің сатып алу бағасынан 15% - дан астам асуына жол бермеуі түсіндіріліп, жадынамалар табыс етілді.
Сондай-ақ, сауда департаментінің қызметкерлері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі ұлғайған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 204-4-бабына сәйкес жауапкершілік көзделгенін хабарлады.