
2022 жылғы 30 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің аумақтық департаменттері – Сауда комитетінің Павлодар облысы бойынша сауда департаменті, Техникалық реттеу және метрология комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті және Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Павлодар облысы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Қазақстан Республикасы күнін мерекелеу аясында «Жаңа Қазақстан - таза табиғат» қамқорлығымен экологиялық акция өткізді.
Департамент қызметкерлері Павлодар ауданынын Кемеңгер орта мектебінің аумағына үйеңкі көшеттерін отырғызды. «Жаңа Қазақстанның» жаңа ұрпағын тәрбиелеуде маңызы зор көшет отырғызуға мектеп оқушылары тікелей қатысты.
Сондай-ақ, акция аясында Павлодар қаласының жалғыз тұратын қарт тұрғынына көмек көрсетілді. Үйдің аумағын тазалау жұмыстары жүргізілді. Ауа райының салқынын күтіп, отын сатып алынып, кесілді.
Мұндай акциялардың пайдасы зор және алдағы уақытта тұрақты түрде өткізіліп тұру керек деп есептейміз.