
Елордада Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. ШҚО мен Абай облысының барлық аудандарының өндірушілері өз өнімдерін жәрмеңкеге ұсынды.
Өнім ассортиментінде картоп пен көкөністер, бал, ет, күнбағыс майы, бақша дақылдары, сүт өнімдері, балық өнімдері, құс еті, қымыз, панта өнімдері, қарақұмық жармасы, ұлттық тағамдар мен шұжық өнімдері болды. Сондай-ақ, бал мен қарақұмық көтерме бағамен сатылды.
Елорда тұрғындары мен қонақтары экологиялық табиғи өнімдерді арзан бағамен жеткізгені үшін және сатқаны үшін алғыстарын білдірді.