ШҚО әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді

ШҚО әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысының сауда департаментінің қызметкерлері «Magnum» сауда желісінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуіне жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ, кездесу барысында азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарлардың барлық түрлерінің  жеткілікті болу мәселелері талқыланды. «Magnum» сауда желісінде тауарларды жеткізуде мәселелер жоқ. Сауда желісі Шығыс Қазақстан облысындағы өндірушілерден тікелей тауық етін, сүт өнімдерін және қарақұмық жармасын, сондай-ақ күнбағыс майын сатып алады.

Сонымен қатар, сауда департаментінің қызметкерлері ӘМАТ-қа сауда үстемесі ұлғайған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 204-4-бабына сәйкес жауапкершілік көзделгенін хабарлады.