Астана кәсіпкерлерінің назарына!

Астана кәсіпкерлерінің назарына!

Астанада сатып алушы қандай да бір тауарды сатып алу кезінде шетел валютасында көрсетілген бағаларды кездестіретін жағдайлар пайда болды. Бизнестің мұндай әрекеттері қазақстандықтардың ақылға қонымды наразылықтарын туғызды және оған жол беруге болмайды!

Ұлттық заңнама тауарды Қазақстан Республикасының аумағында өткізу кезінде оның бағасын теңгемен көрсетпеуге тыйым салады. Тиісінше, бұл талапты сақтамау құқыққа қайшы болып табылады және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 193-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Астана қаласының өңірлік сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттері жергілікті тұрғындардың алаңдаушылығына назарын аударды. «Арко және К» Кинология және Фелинология орталығы» бүкіләлемдік мысықтар көрмесін ұйымдастырушысы мен «Жастар» сарайы» үй-жайын жалға берушіге қатысты бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектілеріне анықталған олқылықтарды өз бетінше жою құқығын беру мақсатында бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай-ақ профилактикалық бақылау жүзеге асырылды.

Елорда әкімдігі «Жастар» сарайының басшысымен түсіндіру жұмысы өткізіліп, оның әрекетсіздігінің құқықтық салдары түсіндірілді.

 Кәсіпкерлерді Қазақстан Республикасының заңнамасын құрметтеуге және заңға бағынуға шақырамыз!