
Волонтерлік және қайырымдылық қызметті ұйымдастыру және өткізу шеңберінде Алматы қаласы сауда департаментінің қызметкерлері Алматы қаласының қалалық қан орталығында ерікті түрде қан доноры болды.
Донорлық кезінде Департаменттің әрбір қызметкері 450 мл қан тапсырды. Өйткені, күн сайын әртүрлі апаттардан, жарақаттардан, күрделі операциялардан зардап шеккендерге, сондай-ақ белгілі бір аурулары бар балаларға қан қажет.
Қан тапсыру өте жауапты және қайырымдылық іс, ол болашақта көптеген балалар мен ересектердің өмірі мен денсаулығын сақтайды.