ШҚО-да сауда базарларын жаңғырту бойынша жұмыстық кездесу өтті

ШҚО-да сауда базарларын жаңғырту бойынша жұмыстық кездесу өтті

Шығыс Қазақстан облысында міндетті жаңғыртуға жататын 3 стационарлық емес әмбебап базар орналасқан.

Ағымдағы жылдың 26 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысы Сауда департаментінің басшысы Данияр Дүйсембаев «Заречный», «Орталық», «Заря» базарларының өкілдерімен жаңғырту мәселесі бойынша жұмыстық кездесуін өткізді.

Базар өкілдерінің ақпараты бойынша, жаңғырту үшін бір базарда жобалау-сметалық құжаттама және жылумен жабдықтау бойынша техникалық шарттар әзірленген, ал басқа базарларда жобалау-сметалық құжаттама және техникалық шарттар әзірлеу сатысында.

Базарлардың өкілдері қаржыландыру, инженерлік желілерді тарту және жылумен жабдықтау бойынша ұсыныстар енгізді.

Кездесу қорытындысы бойынша, одан әрі жұмыс істеу үшін базарларды жаңғыртуға қатысты ұсыныстар ҚР сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің атына және жергілікті атқарушы органға жіберілді.