
Ағымдағы жылдың 22 қыркүйегінде Департамент Алматы қ. әкімі Е. А. Досаевтың және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің превенция қызметінің басшысы С. Қ. Ахметжановтың төрағалығымен өткен Алматы қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысына қатысты.
Комиссия отырысы онлайн форматта, ZOOM платформасында бейнебайланыс арқылы өткізілді.
Аталған іс-шараның негізгі бағыттары мемлекеттік қызметшілер арасында алдын алу шараларын іске асыру және Алматы қ. мемлекеттік органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу саласында іске асырылған процестерді талқылау болды. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасына сәйкес, мемлекеттік органдар қызметінің түрлі салаларындағы проблемалық мәселелер көрсетілді.
Бірінші басшылардың бағыныштылардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілігіне, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға және Мемлекеттік сатып алуды іске асыру процестеріне ерекше назар аударылды.
Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілер проблемалық мәселелерді талқылады.