
ҚР CИМ Алматы қаласының Сауда департаментінің қызметкерлері Алматы қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасымен, сондай-ақ "Аманат" партиясы Алматы филиалының партиялық бақылау комиссиясының мүшелерімен бірлесіп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті сауда үстемесі бойынша бағалар талдауын және түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізеді.
Түсіндіру жұмыстары барысында сауда объектілерінің иелеріне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 қаулысымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар тауарлардың 19 түрін, сондай-ақ Алматы қаласының әкімі 2022 жылғы 5 сәуірде № 2/120 д бекіткен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының 2022 жылға арналған шекті мәндерін қамтитын тізбесі назарына жеткізілді.
Бұдан басқа, «Сауда қызметін реттеу туралы" ҚР Заңының 9-бабының талаптары түсіндірілді, ӘМАТ-та сауда үстемесін өндірушінің босату бағасынан немесе көтерме жеткізушінің сатып алу бағасынан 15% - дан астам асуына жол бермеу.
Сондай-ақ, осы өнімнің шекті құнын арттырған жағдайда, әкімшілік жауапкершілік туралы ақпараты бар "Жадынамалар" табыс етілді.